• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №68

286 рет
көрсетілді

2014 жылғы 22 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің  жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы №68 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды. 1) Осы Қағидалар: 2) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне; 2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне; Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі. 4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) беруші – Заңда және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі; 3) өңір – газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана; 4) газ желісі ұйымының өтінімі – газ желісі ұйымының белгілі бір кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік туралы осы Қағидаларда белгіленген нысандағы жазбаша өтініші. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады. 5. Беру жоспарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ай сайын әзірлейді. 6. Беру жоспарын уәкілетті орган жоспарланған жылдың алдындағы айдың жиырма бесінен кешіктірмей бекітеді және осы мерзімде ол берушіге, өңірлердің әкімдеріне, газ желісі ұйымдарына жіберіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс. 7. Беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы аккредиттелген газ желісі ұйымдарына беріледі. 2. Сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау тәртібі 8. Беру жоспары газ желісі ұйымдары алдағы күнтізбелік айға уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы күнтізбелік айдың он бесін қоса алғандағы кезеңде беретін өнімдердің негізінде әзірленеді. 9. Өтінімге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама қоса беріледі. Осы Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. 10. Газ желісі ұйымдарының мынадай: 1) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ағымдағы айдың алдындағы ай үшін сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер бермеген; 2) аккредиттелетін газ желісі ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдері уәкілетті органның қарауына қабылданбайды. 11. Газ желісі ұйымдарының ұсынылған өтінімдерін уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу мен тұтыну мониторингінің деректерін ескере отырып, сатып алуға мәлімделген сұйытылған мұнай газы көлемдерінің негізділігі тұрғысында қарайды. 12. Егер қарау нәтижелері бойынша мәлімделген көлемдер экономикалық және техникалық жағынан негізделген деңгейден асып түссе, уәкілетті орган мәлімделген көлемді негізделген деңгейге дейін азайту туралы шешім қабылдайды. 3. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін айқындау және бөлу тәртібі 13. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уәкілетті орган өткен кезеңдерде сұйытылған мұнай газын сақтау мен өткізудің іс жүзіндегі көлемдерін ескере отырып, газ желісі ұйымдарының өтінімдері негізінде есептелетін ішкі нарықтың қажеттілігін негізге алып айқындайды. 14. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін беруші сұйытылған мұнай газын өндірудің жалпы көлеміне пайыздық арақатынаста әрбір беруші үшін белгілейді. Пайыздық қатынас барлық жеткізушілер үшін бірдей белгіленеді. 15. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу Беру жоспарында бекітіледі. 16. Сұйытылған мұнай газын аймақтар арасында бөлу беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті органмен жүзеге асырылады. 17. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында тарату беру жоспарының негізінде берушімен жүзеге асырылады. 18. Егер өңірдің аумағында екі және одан көп берушінің сұйытылған мұнай газын өндіру және сақтау жөніндегі объектілері орналасқан болса, бөлу осындай берушілер арасында барабар жүзеге асырылады. 19. Пропан өндіруді жүзеге асыратын берушілер үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының жалпы көлеміндегі пропанның үлесін уәкілетті орган белгілейді. 20. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын аймақтар арасында жүзеге асырылады. 21. Газ желісі ұйымдары мен өңірлер бойынша бөле отырып, сұйытылған газды беру жөніндегі берушінің мәліметтері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. 22. Берушіде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының тиелмеген көлемдері пайда болған жағдайда газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуына байланысты мұндай беруші уәкілетті органды алдын ала хабардар етумен тиелмеген көлемдерді өзге адамдарға өткізуді жүзеге асырайды. Мыналар: 1) газ желісі ұйымының ақысы төленген сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы не алудан бас тартуы туралы уәкілетті органның қолы қойылған берушінің атына хаты; 2) газ желісі ұйымының күнтізбелік он күннің ішінде сұйытылған мұнай газын беру шартын жасасу туралы, оған ақы төлеу не тиеу туралы берушінің жазбаша сұрау салуына жауабының болмауы газ желісі ұйымының сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тартуы болып танылады. 23. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары № р/с Берушінің атауы, орна-ласқан жері Аймақ Аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна Газ желісі ұйымының атауы, орналасқан жері Әрбір аймаққа маркалары мен партиялары бойынша бөлу Әр пар-тияның жөнелтіл-ген күні Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі техни-калық бутан техникалық пропан бутан техни-калық пропан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ескертпе: Беру жоспары мыналарды: 1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі; 3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 2-қосымша Нысан _____________________________ _____________________________ (уәкілетті органның атауы) _____________________________ _____________________________ _____________________________ (газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері, аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні) Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім Мәлімделген кезең ___________________________ (күнтізбелік жыл, айлар) Берілетін көлемнің барлығы, кг ___________________________ оның ішінде партиялармен Партия № /кезеңдер Партиядағы газ көлемі, кг Маркасы (техникалық пропан, техникалық пропан бутан, техникалық бутан) Беруші Берушінің тиеу күні Жыл бойынша ЖИЫНЫ Жеткізу тәсілі _____________________________________________________ (т/ж не автомобиль көлігімен – әрбір беруші үшін жеке) Түсіретін жері _______________________________________________ Басшы ___________________ Мөрдің орыны. Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде: 1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері; 2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері; 3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу күні және жеткізу тәсілі, түсіру орны; 4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі; 5) аудандары мен санаттары және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелері бойынша бөле отырып, тұтынушыларға мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 3-қосымша Нысан Газ желісі ұйымдары мен өңірлер бойынша бөле отырып, сұйытылған газды беру жөніндегі берушінің мәліметтері Р/с № Облысы Газ желісі ұйымы Беру, тонна жос-пар келісім-шарт жасал-ғаны ақы төленгені жоспар бойынша тиелгені % жоспардан тыс тиелгені барлық тиел-гені % 1 2 3 4 5 6 7 8=7/4 9 10=7+9 10/4 1 Ақмола облысы Барлығы 1 Ақмола облысы 1-газ желісі ұйымының атауы 2-газ желісі ұйымының атауы ... n-ші газ желісі ұйымының атауы ______________________ ______ ______________________________________ (Жауапты қызметкер) (қолы) (Аты, әкесінің аты, тегі (оны алу кезінде) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 21 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9890 болып енгізілді.